Accessibility links

Ақтөбеде ҰҚК қызметкерлеріне қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті


Ақтөбе облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті (Көрнекі сурет).

Ақтөбедегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҰҚК Ақтөбе облыстық департаментінің экс-подполковнигі Асланбек Тахауиев пен экс-прапорщик Кәрімбай Дабыловқа қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті.

Асланбек Тахауиев биыл маусым айына дейін ҰҚК Ақтөбе облыстық департаментіндегі үшінші басқарма басшысының орынбасары болған. Оныншы маусым күні сот санкциясымен қамалған Асланбек Тахауиевке тергеу Қылмыстық кодекстің 194-бабының 4-бөлімі 2-пункті ("Қорқытып алу") және 362-бабының 4-бөлімі ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") бойынша айып тағып отыр. Прапорщик Дабыловқа да 194-баптың 4-бөлімі 2-пункті бойынша айып тағылған.

Тергеу материалдарына қарағанда, күдіктілер бір күндік фирмалар арқылы "Атырау Сервис КЗ" серіктестігінің есеп-шотындағы 200 миллион теңгені қолма қол ақшаға айналдырып, 8 миллион теңге пайда табуды көздеген. Кейін оны азсынып, жалдамалы есепшіден 15 миллион теңге талап ете бастайды. Аса ірі көлемде қаржы бопсалады деп айыпталған 39 жастағы подполковник пен 38 жастағы прапорщик биыл 8 маусым күні ұсталған. Содан бері уақытша тергеу изоляторында отыр. ҰҚК Ақтөбе облыстық департаментінің екі қызметкеріне байланысты алғашқы процесс 6 қарашаға белгіленді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG