Accessibility links

"Эхо Москвы" журналисі Татьяна Фельгенгауэр жансақтау бөлімінде жатыр


Татьяна Фельгенгауэр, "Эхо Москвы" радиостанциясының журналисі.
Татьяна Фельгенгауэр, "Эхо Москвы" радиостанциясының журналисі.

"Эхо Москвы" радиостанциясының журналисі Татьяна Фельгенгауэр жансақтау бөлімінде жасанды комада жатыр. Бұл туралы радионың бас редакторы Алексей Венедиктов хабарлады.

23 қазанда "Эхо Москвы" редакциясына белгісіз біреу баса-көктеп кіріп, пышақпен Фельенгауэрді мойнынан жаралаған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады, дегенмен оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жасанды комада ол 24 қазанға дейін жатады. Осы уақытқа дейін дәрігерлер қандай ем қолданатынын шешеді.

Тергеу комитеті бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Шабуылдаушының есімі Борис Гриц, ол 48 жаста.

Ресей журналистер одағы Фельгенгауэрге жасалған қастандықты "сөз бостандығына шабуыл" деп атады. Еуропа Кеңесінің бас хатшысы Турбьорн Ягланд бұл оқиғаны жан-жақты тергеуге шақырды.

XS
SM
MD
LG