Accessibility links

Жанар Ахметтің ісін қарау 24 қазанға қалдырылды


Жанар Ахмет, Украинада ұсталған қазақстандық блогер
Жанар Ахмет, Украинада ұсталған қазақстандық блогер

Қазақстандық блогер, 21 қазанда Киев түбінде ұсталған Жанар Ахметтің ісі бойынша сот 24 қазанға шегерілді. Сот барысында Жанар Ахмет танысуы құжаттардың бір бөлігі ол түсінбейтін украин және ағылшын тілдерінде тапсырылғаны белгілі болды. Осыған байланысты прокурорға блогерге құжатты өзіне тағылған айыпты түсіне алатындай тілде жазып табыстау тапсырылды.

Жанар Ахметтің адвокаты Владислав Грищенконың Азаттыққа хабарлауынша, блогерді 21 қазан күні кешке Киевтің түбінде ұстаған.

- Қазақстан Жанар Ахметке Қылмыстық кодекстің 177-бабы ("Алаяқтық") бойынша Интерполмен іздеу жариялап, сол бойынша ұсталған. Бірақ іздеу жарияланғаны туралы құжатты әлі көрсетпеген. Украина тарапы оған кінә тағып отырған жоқ. Ол Украина заңдарын бұзбаған және Украина территориясында заңды түрде тұрып жатыр, - деді адвокат Азаттыққа.

Жанар Ахмет Қазақстаннан Украинаға биыл наурызда кетіп қалған. Айтуынша, ол Қазақстаннан бұған дейін өзіне бірнеше рет әкімшілік сотқа тартылғандықтан кеткен. Ол "заңсыз ұйым құру туралы" қылмыстық іске тартылған. Блогер қылмыстық іс бойынша түрмеде отырып шыққан соң пробациялық бақылауда жүрген.

Владислав Грищенко Жанар Ахмет Украинаға барған соң бірден өзіне саяси баспана беру туралы өтініш білдіргенін, оның әлі қарауда жатқанын айтады.

Жанар Ахмет оппозициялық "Трибуна. Саяси қалам" газетінде мақала жазып тұрған және әлеуметтік желілер арқылы қазақстандық биліктің атына сыни пікірлерді жариялап, тарататын белсенді ретінде танылған.

XS
SM
MD
LG