Accessibility links

Шешенстанда Росгвардия қызметкері төрт әріптесін атып тастады


Росгвардия жасақтары (Көрнекі сурет).

Шешенстанда Росгвардия лейтенанты төрт әріптесін атып тастады. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, оқиға 23 қазан күні Шелковская станциясында Мәскеу уақыты бойынша сағат 16 шамасында болған. Лейтенант казармада төрт әріптесін атып өлтіріп, қарсы атылған оқтан өзі де ажал құшқан. Шабуылдаушының аты-жөні және не үшін оқ атқаны әзірге белгісіз. Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Өткен жылдың қазанында Мәскеуде Росгвардияның қызметкерін әріптесі Сергей Ручкин атып тастаған болатын. Биыл тамызда Ручкин 11 жылға сотталған.Тергеу мәліметінше, Ручкин тапаншаны әріптесінің басына әдейі тақап тұрып, атып тастаған. Ручкиннің өзі қылмысты "жазатайым оқиға" деп атайды.

AzattyqTV

Күре жол мал базарға айналатын күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG