Accessibility links

Шавкат Мирзияев осы аптада Түркияға сапарлайды


Өзбекстан презмденті Шавкат Мирзияев (сол жақта) пен Түркия президенті Режеп Ердоған.
Өзбекстан презмденті Шавкат Мирзияев (сол жақта) пен Түркия президенті Режеп Ердоған.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 25-27 қазанда ресми сапармен Түркияға барады. Өзбекстан басшысын Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған сапарлап келуге шақырған.

Екі елдің басшылары соңғы рет 10 қыркүйекте Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитінде кездескен. Сол кездегі келіссөздер барысында сауда-экономика, инвестиция, туризм және басқа да салалардағы әріптестікті арттыру мәселелері талқыланған.

Бұның алдында Шавкат Мирзияев Түркия азаматтары үшін виза алу тәртібін жеңілдету туралы қаулыға қол қойған. Енді түркиялықтар Өзбекстан визасын шақыртусыз ала алады және ол үш күнде жасалады.

Түркия мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 1,2 милиард долларды құрайды. Осы уақытқа дейін түріктің құрылыс компаниялары Өзбекстанда 110 жобаны жүзеге асырып, 2 миллиард доллар игерген. Бұған қоса, Түркия Өзбекстанға 1,2 милиард доллар инвестиция салған.

XS
SM
MD
LG