Accessibility links

Шымкенттен Петропавлға ұшқан жолаушылар автобуспен жеткізілді


Петропавл әуежайы (Көрнекі сурет).
Петропавл әуежайы (Көрнекі сурет).

Петропавл халықаралық әуежайы ауа райының бұзылуына байланысты 23 қазан күні Шымкент-Петропавл бағытындағы рейсті қабылдай алмады. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Петропавлдағы ауа-райына байланысты әуежай Шымкенттен келетін рейсін қабылдай алмағандықтан, жолаушылар әуелі Астана қаласына жеткізілген.

Әуежай директоры орынбасары Петропавл әуежайы Шымкен ұшағын ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылдай алмағандарын мәлімдеді.

"Ауа райы Петропавлда ғана емес, Қостанай мен Көкшетау қалаларында да бұзылды. Әуе командирі Астана әуежайына тоқтау туралы шешім қабылдады. Себебі жақын жердегі Қостанай, Көкшетау әуежайлары да ауар райына байланысты жабылып қалған. Шымкент - Петропавл бағытындағы жолаушыларды Астанадан Петропавл қаласына автобуспен жеткізу туралы шешім қабылданды" деп хабарлады "Петропавл қаласының халықаралық әуежайы" компаниясы директорының өндіріс бойынша орынбасары Уәлихан Жылысбаев.

Әуежай мамандарының хабарлауынша, SCAT әуе компаниясының DV774 рейсінде Шымкент - Петропавл бағытында келе жатқан 12 жолаушы Петропавлға қазанның 24-іне қараған түні автобуспен жеткізілді.

23 қазан күні Петропавлда қар жауып, ауа температурасы - 4 градусқа дейін төмендеп, боран соқты.

XS
SM
MD
LG