Accessibility links

Қазақстанда құқық қорғаушыларға ондаған шабуыл жасалған


Анар Ибраева, "Қадыр-Қасиет" қоғамдық ұйымының жетекшісі.
Анар Ибраева, "Қадыр-Қасиет" қоғамдық ұйымының жетекшісі.

Қазақстанда алты жылда азаматтық белсенділер мен құқық қорғаушыларға 70 шабуыл жасалып, олардың төртеуі ғана сотқа жеткен. Бұл туралы 24 қазанда Астанада адам құқығы саласындағы стандарттарды қамтамасыз ету, құқық қорғаушыларды қорғау және қолдау жөніндегі дөңгелек үстелде мәлім болды.

Шарада "Қадыр-Қасиет" қоғамдық ұйымының Қазақстанда 2011 жылдан 2017 жылдың қыркүйегіне дейін құқық қорғаушыларға жасалған шабуылдар туралы "Құқық қорғаушыларды қорғау және қауіпсіздік" атты есебі де таныстырылды. Онда 70 шабуылдың екеуінде кісі өлгені айтылған. Шабуылдан Маңғыстау облысындағы мұнайшы Нұрлан Өтеулиев пен кәсіподақ жетекшісі Жансая Қарабалаеваның қызы қаза тапқан.

Қостанайдағы "Адам құқығы жөніндегі қоғамдық комитет" ұйымының төрағасы Игорь Коловтың айтуынша, құқық қорғаушылар, адвокаттар, қоғам қайраткерлері, журналистер, азаматтық белсенділер, кәсіподақ ұйымдарының, діни ұйымдардың және саяси партиялардың белсенділеріне мониторинг жүргізілген. Ең көп шабуыл Алматы мен Маңғыстау облысында тіркелген.

"Қадыр-Қасиет" ұйымының жетекшісі, құқық қорғаушы Анар Ибраева құқық қорғаушылар үшін қоғамдық қауіп пен қатер бірінші полициядан келетінін айтады.

- Құқық қорғаушылар - халықтың ой-пікірін жеткізуші. Мемлекеттік органдармен конструктивті әрекеттестік жоқ. Қоғамның ішкі істер министрлігіне деген шағымы көп, - деді Анар Ибраева.

Оның сөзінше, биыл наурызда ол басқаратын ұйым дін азаматтық қоғам істері жөніндегі министрлікке олардан профильді ведомство ретінде құқық қорғаушылардың қауіпсіздігі мәселесі бойынша мемлекеттік тапсырысқа арналған лот ашу мүмкіндігін қарастыруды сұрап сауал жолдаған. Бірақ құқық қорғаушы министрлік өтінішіне ешқандай жауап бермегенін айтады. Ол мемлекет бұл мақсатқа қаржы бөлуге шамасы бар деп біледі.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG