Accessibility links

Оралмандар Қытайда қамаудағы туыстарының дерегін білуді сұрады


Қытайдан көшіп келген оралмандар Қазақстан сыртқы істер министрлігі өкілдігінің алдында жиналып тұр. Алматы, 24 қазан 2017 жыл.
Қытайдан көшіп келген оралмандар Қазақстан сыртқы істер министрлігі өкілдігінің алдында жиналып тұр. Алматы, 24 қазан 2017 жыл.

Сейсенбіде сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігінің алдына Қытайдан көшіп келген бір топ оралман жиналды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, олар 2017 жылдың қаңтар айынан бері Қытайда қамауда жатқан туыстарынан нақты бір дерек алып беруді сұрап келген. Жиналғандардың бірі Гүлшира Еркешқызы өзінің туған інісі Серік Еркешұлының "осыдан бес ай бұрын қамауға алынғанын, осы күнге дейін қайда жатқанын, не үшін қамалғанын біле алмай отырғанын" айтады.

- Інім жергілікте жердегі имам болатын. Діни білімді Қытайдың өзінен алған. Заңды түрде жұмыс істеп жүрген. Үрімжіге жиынға шақырып, сол жерден қамауға алыпты. Қазір қайда екенін біле алмай отырмыз, - деді Гүлшира Еркешқызы Азаттық тілшісіне.

Жиналғандарды жекелеп қабылдаған министрлік өкілі олардың арыз-шағымдарын Астанаға жеткізу үшін жинап алды. Ішке журналистердің кіруіне рұқсат берілмеді.

Азаттық бұған дейін Алматыға Қытайдан көшіп келген оралмандардың туыстары Шыңжаңға қыдырып барғанда ұсталып, сотталғаны, туыстарының оларға қандай айып таққанын біле алмай отырғаны туралы жазған болатын.

ВИДЕО: Құрылтайда Назарбаевқа Шыңжаңдағы қазақтардың жайын айтты (23.06.2017)

Құрылтайда Назарбаевқа Шыңжаңдағы қазақтардың жайын айтты
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:10 0:00

XS
SM
MD
LG