Accessibility links

Ұйымдасқан қылмыс және жемқорлықты зерттеу жөніндегі орталық (Organized Crime and Corruption Reporting Project - OCCRP) Ресей президенті Владимир Путиннің айналасындағылардың байлығына қатысты зерттеуін жариялады. Жоба "Новая газета" журналистерімен бірге жасалған.

Зерттеуде кейбір адамдардың өз аттарына ірі көлемде қаражат тіркелгенін білмейтіні айтылған. Зерттеуді жариялаушылар бұл қаражат Путинге тиесілі болуы мүмкін деген болжам жасайды.

Зерттеуде ресейлік президенттің 2016 жылғы табысы шамамен тоғыз миллион рубль болғанын еске салды. Дегенмен, құжат авторлары Ресей басшысы өз байлығын күрделі жүйе арқылы басқарады деп есептейді.

Олар Путинге тиесілі қаражаттың бір бөлігі Путиннің немере әпкесі Любовь Шелемовтың ұлы, 49 жастағы Михаил Шеломовтың қолында болуы мүмкін деп топшылайды. Соңғы бірнеше жылда ол "Совкомфлот" мемлекеттік компаниясында істеген. Зерттеу авторлары Шеломовтың жылына 8400 доллардан артық табуы мүмкін емес дейді.

Дегенмен, OCCRP журналистері анықтағандай, соңғы бірнеше жылда Шеломов 573 миллион долларға ие болған.

Зерттеуде байлықтың дені "ірі көлемдегі жемқорлықпен келгені" және оның Путиннің айналасындағыларға қатысы бары айтылған. Ресми түрде бұл қаражат Шелемовтың "Акцепт" компаниясына тиесілі.

2016 жылдың соңында фирма "Игора драйв" компаниясының 50 пайыз акциясына ие болды. Зерттеуге қарағанда, Шелемовпен бірге жобаға инвестицияны Путинге жақын Юрий Ковальчук пен Владимир Васильев салған.

Шеломов, Ковальчук және Васильев журналистер сауалына пікір білдірмеді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG