Accessibility links

Ұлыбритания Ресейдің "Brexit-ке киліккенін" тексермек


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Ұлыбритания парламенті Facebook-ті құрған Марк Цукербергке 2016 жылы Brexit референдумы алдында ықтимал ресейлік аккаунттардан ақылы түрде материал орналастыруды тексеруді сұрап сауал жолдады деп хабарлайды Reuters.

Сауалды парламенттің сандық технология, мәдениет, медиа және спорт комитетінің төрағасы Дамиан Коллинз дайындады. Сауал әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарату көздерін анықтайтын тергеу аясында жолданды.

Коллинз Цукербергтен британ парламентіне ресейлік қолданушылар сатып алған жарнама контенті, олардың қандай топтарға арналғаны және қаралым саны туралы ақпаратты беруді сұрайды.

Қыркүйекте Facebook-те 500-ге жуық жалған аккаунт тіркелгені, олардан 2016 жылы АҚШ-та өткен президент сайлауы қарсаңында саяси жарнамалар таратылғаны анықталған. Компания мәліметінше, бұл парақшалардың барлығы Ресейден басқарылған. Facebook Ресейдің тапсырысы бойынша жарнама сату туралы мәліметті АҚШ-тың арнайы прокуроры Роберт Мюллерге жолдаған.

Мюллер АҚШ президенті Дональд Трамп штабының Кремльмен Демократиялық партия атынан сайлауға түскен кандидат Хиллари Клинтонның позициясын әлсіретуге қатысты астыртын сөз байласты ма деген мәселені анықтап жатыр. Ресей шет мемлекеттегі сайлауға киліккенін жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG