Accessibility links

Украинада ұсталған блогер Жанар Ахмет 18 күнге қамалды


Жанар Ахмет, қазақстандық блогер.

Украинаның Киев-Святошинский соты қазақстандық блогер Жанар Ахметті 18 күнге қамады деп хабарлады блогердің адвокаты Владислав Грищенкоға сілтеме жасаған украиналық Hromadske агенттігі. Hromadske Жанар Ахмет сот шешімі жарияланған соң аштық жариялап, сот шешіміне шағымданатынын мәлімдеді. Биыл көктемде Қазақстаннан Украинаға қашып барып, осы елден саяси баспана сұраған Жанар Ахмет 21 қазан күні Киев түбінде ұсталған.

Адвокат сотта прокурордың талап-арызында Жанар Ахметті Қазақстанның құзырлы органдары "2005-2008 жылдары белгілі бір адамдарға қатысты алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 177-бабы 3-тармағының "б" бөлігі бойынша іздеп жатқаны" айтылғанын хабарлады. Ол прокурордың талап-арызында бұған дейін, 2009 жылы Ахметтің осындай айыппен қылмыстық жауапқа тартылғаны айтылғанын да жеткізді.

"Қазақстан конституциясы, я Украина конституциясы бойынша да адамды қылмысы үшін соттап, жазасын өтеген соң екінші рет жауапқа тарту мүмкін емес" деді адвокат.

Қазақстанда Жанар Ахмет "2005 жылдың наурызынан 2008 жылдың қазанына дейін жасаған алаяқтық әрекеттері үшін" сотталған. 2010 жылы тамызда Қазақстан соты Жанар Ахметтің жазасын өтеу мерзімін ұлы 14 жасқа толатын 2021 жылдың 5 қарашасына дейінгі мерзімге шегерген. Қазақстан билігі Жанар Ахметке олжас баласымен Қазақстаннан Украинаға кетіп қалған соң іздеу жариялаған. Ол Қазақстанан кетіп қалу себебін елінде "саяси қуғын көруімен" байланыстырады.

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG