Accessibility links

Чехияда Ресей мен Қытай барлауының белсенділігі артты


Прагадағы алаңдардың бірі, Чехия (Көрнекі сурет).
Прагадағы алаңдардың бірі, Чехия (Көрнекі сурет).

Чехияда 2016 жылы Ресей мен Қытай барлауының белсенділігі артты. Бұл туралы Чехияның ақпараттық қауіпсіздік қызметінің (BIS) жыл сайынғы есебінде айтылады.

Баяндамада өткен жылы Ресей Украина мен Сириядағы дағдарыстарға байланысты гибридті кампанияға көп күш сала бастағаны айтылады. Баяндама авторларының мәліметінше, 2015 жылмен салыстырғанда былтыр ресейлік барлаушылардың жұмыс қарқыны артқан. Ресей арнайы қызметінің Чехияда дипломатиялық арналар тасасында жұмыс істейтін сапалы агентуралық желісі бары айтылады.

Бұдан өзге, есепте өткен жылы Ресей жаппай кибершабуыл жасағаны, олардың көбі дипломатиялық әскерилер мен ғылыми нысандарға бағытталғаны айтылады.

Баяндамаға қарағанда, 2016 жылы чех барлау чехиялық азаматтардың Ресей аннексиялап алған Қырымға немесе Ресей арқылы Донбасқа барған кезінде арнайы қызметпен байланысын байқаған. Бірақ Чехия азаматтары Ресей арнайы қызметі тарапынан бақылауға алынғанын байқамай қалған болуы мүмкін.

Есепті дайындағандар Чехия арнайы қызметі де елде Қытай барлау қызметінің белсенділігі артқанын анықтаған. Қытай барлаушыларының басты міндеті барлау негізінде алынған ақпаратты өзінің ішкі және сыртқы саяси мүдделері үшін, оның ішінде Тибет мәселесін шешу және Чехия мен Тайвань арасындағы қарым-қатынасты үзу үшін пайдалану болған.

XS
SM
MD
LG