Accessibility links

"Қазақстан Медиа Альянсы": Журналистер мен БАҚ еркіндігін қорғаймыз


"Қазақстан Медиа Альянсы" қоғамдық бірестігінің алғашқы құрылтайына қатысушылар. Астана, 25 қазан 2017 жыл.
"Қазақстан Медиа Альянсы" қоғамдық бірестігінің алғашқы құрылтайына қатысушылар. Астана, 25 қазан 2017 жыл.

Астанада сәрсенбіде жаңадан құрылған "Қазақстан Медиа Альянсы" қоғамдық бірлестігінің алғашқы құрылтай жиыны өтті. Бірлестік биыл қазанның басында ресми түрде тіркелген.

Жиында қоғамдық бірлестікті құрастырушылардың бірі Арманжан Байтасов БАҚ, баспасөз, медиа- менеджер қызметкерлерінің жаңа кәсіби ұйымы медиа-қоғамдастық және PR саласының өкілдерін, мәдениет, білім және саясат қызметкерлерін біріктіруге жұмыс істейтінін айтты.

Құрылтайшыларының айтуынша, "Қазақстан Медиа Альянс" журналист бостандығы мен құқығын және БАҚ тәуелсіздігін қорғау, Қазақстан журналистерін әлеуметтік қорғауды, шетелдегі журналистер мен БАҚ-тың қоғамдық бірлестіктерімен халықаралық байланысты дамыту үшін құрылған.Ұйым бұған қоса медиа-қоғамдастық қызметін реттейтін құқықтық-нормативті актілерді даярлауға қатыспақ.

Қазақстан медиа альянсының құрамына Қазақстанның БАҚ, PR басшылары, белгілі журналистер мен блогерлер, медиабизнес, жарнама және баспасөз саласының өкілдері кірген.

XS
SM
MD
LG