Accessibility links

Киевте жарылыстан Жоғарғы Рада депутаты жараланды


Киевтегі жарылыс болған орын. Украина, 25 қазан 2017 жыл.
Киевтегі жарылыс болған орын. Украина, 25 қазан 2017 жыл.

Киевте жарылыс салдарынан Жоғарғы Рада депутаты, Радикалдық партияның өкілі Игорь Мосийчук жараланды деп хабарлады украиналық БАҚ.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, Мосийчук "Экспрессо" телеарнасының ғимаратынан шығып келе жатқанда жарылыс болған. Жарылғыш құрылғы депутатқа жақын немесе оған қашық емес жерде тұрған мотоциклде болған.

Полиция жарылыс болып, одан төрт адамның жараланғаны туралы ақпаратты растады. Зардап шеккендердің бірі кейін ауруханаға алып бара жатқанда көз жұмған. Қаза тапқан адам мен зардап шеккендердің аты-жөні айтылмады. Оқиға орнында арнайы қызмет жұмыс істеп жатыр.

Игорь Мосийчук 2014 жылы Олег Ляшконың Радикалдық партиясынан Жоғарғы Рада депутаты болып сайланған. Ол "Азов" батальоны құрамында Донбастағы әскери іс-қимылдарға қатысқан. 2015 жылы Мосийчук депутаттық қол сұғылмаушылық құқығынан айырылып, коррупция айыбы бойынша тұтқындалған, бірақ кейін босатылған.

XS
SM
MD
LG