Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер өз елінің Ресеймен қарым-қатынасы деңгейіне көңілі толмайды. Бұл туралы ол Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескеннен кейін мәлімдеді.
Штайнмайер Ресейдің Қырымды аннексиялауы мен Украинаның шығысындағы жанжалға қарамастан, екі ел қарым-қатынасты жақсарту үшін, бірлесіп күш жұмсау керегін айтты.
Путин болса Германия президентінің еліне сапарынан кейін екі жақты қарым-қатынас нығаяды деген үміттенетінін білдірді. Путин сонымен бірге Штайнмайермен Украина шығысындағы жағдайды талқылағанын айтты.
"Германия мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың салқындығынан Штайнмайердің Ресейге сапары мемлекеттік деңгейде емес, жұмыс сапары ретінде жасалды" деп жазады Deutsche Welle.