Accessibility links

Стамбулда Amnesty International өкілдері үстінен сот басталды


Стамбулдағы құқық қорғаушыларды қолдау акциясы. Түркия, 25 қазан 2017 жыл.
Стамбулдағы құқық қорғаушыларды қолдау акциясы. Түркия, 25 қазан 2017 жыл.

Стамбулда 11 құқық қорғаушы, оның ішінде Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымының Түркиядағы бөлімінің жетекшісі Идиль Эсер мен германиялық және швециялық екі оқытушының үстінен сот басталды.

Белсенділер биыл шілдеде Стамбулда киберқауіпсіздік және ақпаратты басқару мәселелері бойынша семинар кезінде ұсталған. Түрік билігі оларды "2016 жылы шілдеде мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған террорлық топпен байланысы бар" деп айыптайды.

Amnesty International ұсталған құқық қорғаушыларды босатуды талап еткен. Бірақ Түркия президенті Режеп Ердоған барлау мәліметтеріне сүйеніп, ұйымды елде жаңа төңкеріс ұйымдастырмақ болды деп айыптады. Ердоғанның мәлімдемесі Анкара мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастың нашарлауына әкеліп соқтырды.

Түркия прокуратурасы күдіктілерді бес жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге соттауды сұрады. Құқық қорғаушылар өздеріне тағылған айыпты мойындамайды.

XS
SM
MD
LG