Accessibility links

Шымкентте көпқабатты үйдегі өрттен бір бала қайтыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шымкенттегі Әл-Фараби алаңында орналасқан көп қабатты тұрғын үйден шыққан өрттен бес жастағы бала қайтыс болды деп хабарлайды Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің маманы Зарипа Тұрысбекова.

Оның айтуынша, 25 қазан күні сағат 16:35-те департаментке өрттің шыққаны туралы хабар түскен. Өрт көлемі 35 шаршы метрлік бір бөлмелі үйден шыққан. Құтқару кезінде 19 адам көшірілген. Олардың бесеуі балалар. "Оқиға кезінде 2012 жылы туған бала қайтыс болды. Алдын-ала болжам бойынша, бала электр құрылғысымен ойнаған болуы мүмкін. Немесе өрт кезінде улы газден тұншығып қайтыс болған деген болжам бар" дейді ол.

Зарипа Тұрысбекова пәтерде балалар жалғыз болғанын, өрт шыққаннан кейін қайтыс болған баланың денесін анасы шығарғанын айтады.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

XS
SM
MD
LG