Accessibility links

Бішкектегі Қазақстан елшілігінде белсенділер Назарбаевқа хат тапсырды


Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі алдындағы акция. Бішкек, 26 қазан 2017 жыл.
Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі алдындағы акция. Бішкек, 26 қазан 2017 жыл.

Бішкектегі Қазақстан елшілігі алдында қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға байланысты акция өтті деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы. "Кыргыз чоролору" қоғамдық ұйымы ұйымдастырған "Қазақ-қырғыз бір туған" деп аталатын акцияға қатысушылар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдады. Акцияға шыққандар қолдарына "Назарбаев, екі елдің ынтымағын бұзба!", "Заңдары сақталмайтын Еуразия экономикалық одағы бізге керек пе?", "Елді ойла!" деп жазып алған плакаттар ұстаған.

Азаматтық белсенді Бақтыбек Нұралыұлының Азаттыққа айтуынша, шекарадағы тексерудің күшейтілуінен "екі ел азаматтары бірдей зардап шегіп жатыр".

- Қазір Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттап кетті. Ал Қырғызстанда шекарада 250-300 жүк көлігінің 4-5 тәулік кезекте тұруы шаруалар мен жүргізушілерді зор шығынға батырып отыр, - деді белсенді.

Митингіге шыққандар Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаған үндеуін елшілік қызметкеріне тапсырды.

10 қазаннан бастап екі ел шекарасында тексеру күшейтіліп, Қазақстанға өтетін адамдар мен көліктер кезегі пайда болған.

18 қазанда Астанада өткен келіссөздер барысында екі елдің үкімет жетекшілері келесі күннен бастап жолаушы көліктері мен жүгі бар адамдарды шекарадан өткізуді жеңілдету туралы уағдаласқан.

25 қазанда Ереванда ЕАЭО елдері үкімет басшыларының жиынында Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қазақ-қырғыз шекарасындағы тексеру жүк тасымалдаушылардың заң бұзуын анықтау үшін ғана күшейтілгенін мәлімдеген. Сағынтаевтың дерегінше, Қырғызстанның "шекарада кедендік рәсімдеуді дұрыс жүргізе алмауынан ЕАЭО елдері миллиардтаған доллар қаржыдан айырылған".

ВИДЕО: Бішкектегі қазақ елшілігі алдындағы акция

Бішкектегі қазақ елшілігі алдындағы акция
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:57 0:00

XS
SM
MD
LG