Accessibility links

Азаптауға қарсы коалиция бас прокурорға камерадағы өлім бойынша жүгінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанның Азаптауға қарсы коалициясы 26 қазанда бас прокурор Жақып Асановқа Астана тұрғыны Николай Кривенконың қалалық медициналық және әлеуметтік айықтыру орталығында қаза табуына байланысты хат жолдады.

Ондаған белсенді мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қол қойған хатта Николай Кривенконың өлімі сорақылық екені және мұндай адам өлімі бірінші рет болып отырмағаны айтылады. "Қазақстанның азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдарының коалициясы айыптауды Қылмыстық кодекстің 141-бабының 1-бөлігі бойынша "азаптау" айыбына қайта дәрежелеуді талап етеді" делінген мәлімдемеде.

27 қазанда Астананың Алматы аудандық №2 сотында патруль қызметінің сержанты Берік Мырзабековтің "билікті немесе қызмет бабын асыра пайдалануы" және Астананың медициналық және әлеуметтік айықтыру орталығының фельдшері Саят Саты мен санитарлары Фархат Қамбетов және Сұңғат Темірғалиевтің "жәбірленушінің абайсызда өліміне әкеліп соқтырған денсаулығына ауыр зардап келтіруі" ісі бойынша сот отырысы басталмақ. Айыптау актісі бойынша, бұл күдіктілер биыл 15 наурызда астаналық 25 жастағы Николай Кривенконы орталықта өлімші етіп сабаған.

Азаптауға қарсы комитет хатында "Марқұмның туңыстары мен жәбірленуші жақтың адвокаттарының қолында сараптама қорытындысы бар. Онда айықтырғышқа куәландыруға жеткізілген адамның сау болғаны айтылған" делінген.

Бұған дейін интернетте медициналық және әлеуметтік айықтыру орталығының бейне бақылау камерасына түсіп қалған видео жарияланған болатын. Коалиция ол видео "Кривенконы әуелде қалай еденге жатқызып, қол-аяғын байлап, азаптағаны көрінетінін" айтады. Кривенконың қол-аяғын шешкен кезде ол "фельдшерге қол көтеріп, дауласып қалған". Бұдан соң полицейлер мен санитарлар оны еденге жатқызып алып, біраз уақыт тепкілеген, резеңке таяқпен ұрған. Николай Кривенко сол күні орталық камерасында қайтыс болған.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG