Accessibility links

Түркия соты сегіз құқық қорғаушыны үкім шыққанға дейін босатты


Стамбул соты алдындағы қамаудағы құқық қорғаушыларды босатуға шақырған акция. Түркия, 25 қазан 2017 жыл.
Стамбул соты алдындағы қамаудағы құқық қорғаушыларды босатуға шақырған акция. Түркия, 25 қазан 2017 жыл.

Түркия соты "террорлық ұйыммен байланыс орнатты" деп айыпталған сегіз құқық қорғаушыны сот үкімі шыққанға дейін қамаудан босатты.

Стамбул соты арасында Amnesty International ұйымының жергілікті бөлімінің басшысы Эсер Идиль, германиялық және швециялық екі оқытушы бар, барлығы сегіз адамды қамаудан босатты. Бұл сегізін және тағы үш құқық қорғаушыны түрік билігі "елде мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болған терорлық ұйыммен байланыс орнатты" деп айыптайды. Бұл айып бойынша бес жылдан 15 жылға дейін түрмеге жабу жазасы қарастырылған. Күдіктілердің екеуі бұдан бұрын сот үкімі шығатын мерзімге дейін босатылған.

Amnesty International ұйымының Түркиядағы басшысы Танер Кылыч Измир провинциясында өзге қылмыстық іс бойынша қамауда отыр.

Күдіктілердің барлығы өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарады.

Германия билігі құқық қорғаушыларға қарсы істі "мүлдем түсініксіз, абсурд" деп атады. Лондонда орналасқан Amnesty International ұйымы белсенділердің ұсталуында олардың "адам құқықтарының барына сенгенінен өзге себебі жоғын" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG