Accessibility links

Бішкек: Қазақстанның өзі шекарадағы тексеруді дұрыс түсіндірмей отыр


Қырғызстан сыртқы істер министрлігі, Бішкек.
Қырғызстан сыртқы істер министрлігі, Бішкек.

Қырғызстан сыртқы істер миинстрігінің ресми өкілі Айымкан Кулукеева қазақ-қырғыз шекарасындағы тексерудің Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қарым-қатынас пен стратегиялық әріптестік деңгейіне және Еуразия экономикалық одағын (ЕАЭО) құрғандағы мақсатқа сай келмейтінін мәлімдеді. Кулукееваның таратқан мәлімдемесінде Қазқстан жағы шекарадағы тексерудің күшейтілу себептерін әр кезде әрқилы түсіндіретіні айтылған.

Оның сөзінше, 11 қазанда Қазақстан ҰҚК шекарадағы тексерудің "террорлық, контрабандалық және басқа да қылмыстарға қатысы барларды анықтау мақсатындағы жоспарлы шара ғана" екенін мәлімдеген.

14 қазанда Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға комментарий бергенінде тексеруді Қырғызстандағы президент сайлауымен байланыстырған.

15 қазанда ақпарат және коммуникация министрлігі шекарадағы тексерудің күшетілуін "көлеңкелі импорт көлемін азайту мақсатында" ЕАЭО заңдарын орындаумен байланыстырып мәлімдеме жасаған.

"Осылайша, Қазақстан жағының өзі екі ел азаматтарына Қырғызстанмен шекарадағы қадағалаудың күшейтілуін дұрыс түсіндірмей отыр" делінген мәлімдемеде.

26 қазанда Бішкектегі Қазақстан елшілігі алдында бір топ белсенді қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға наразылық білдіріп, Қазақстан президентінің атына хат тапсырған. Бұдан соң Қазақстан сыртқы істер министрлігі наразылық акциясына қатысты пікір білдііп, "қырғызстандықтар шекарадағы ахуал туралы дұрыс ақпарат алмағанын" мәлімдеген болатын.

ВИДЕО: Бішкектегі Қазақстан елшілігі алдында болған акция (26.10.2017)

AzatNews 26.10.2017
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:25 0:00

10 қазаннан бастап екі ел шекарасында тексеру күшейтіліп, Қазақстанға өтетін адамдар мен көліктер кезегі пайда болған.

18 қазанда Астанада өткен келіссөздер барысында екі елдің үкімет жетекшілері келесі күннен бастап жолаушы көліктері мен жүгі бар адамдарды шекарадан өткізуді жеңілдету туралы уағдаласқан.

XS
SM
MD
LG