Accessibility links

Қырғызстан: Қазақстан көмір экспортын шектеді


Көмір қаптап жатқан жұмысшылар (Көрнекі сурет).

Қазақстан Қырғызстанға көмір экспорттауды шектеп, соның салдарынан елде көмір бағасы қымбаттап отыр деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясына осы ел экономика министрлігі жанындағы аймақаралық басқармасының бастығы Зайнидин Жұмалиев.

Оның сөзінше, қазақстандық көмірдің соңғы партиясы 19 қазанда жеткізілген. Қыс-күз маусымы басталғаннан бері көмір әдетте әр бірнеше күнде бір жеткізіледі.

"Ресми түрде Қырғызстанға көмір экспорттауды шектеу туралы ешқандай тыйым жоқ. Тиісті органдар шектеуді вагон жетіспеушілігі мен Қазақстанның өзінде де көмір тапшы дегенмен түсіндіреді. Қазір Қазақстанда үш мұнай өңдеу зауытының екеуі жөндеуге жабылған. Бензин тапшы, сондықтан елде көмірге сұраныс артты" дейді Жұмалиев.

Министрлік маманы Қырғызстан өзін-өзі көмірмен 60-70 пайызға дейін қамтамасыз ете алатынын, қалғаны Қазақстаннан жеткізілетінін айтады. Бірақ қазір Қырғызстанда көмір тапшылығы туындау қаупі жоқ.

"Көмір бағасы қымбаттайды. Қазірдің өзінде 15 пайыз өскенін байқап отырмыз. Қырғызстан Қазақстанмен үздіксіз келіссөз жүргізіп жатыр" деді Жұмалиев.

Қырғызстан экономика министрлігі осыған байланысты мемлекеттің үш ай мерзімге көмір бағасын реттеуін ұсынады. Ведомство Қазақстанмен шекарадағы жағдайға көмір экспортттаудың шектелуінен көмір бағасы қымбаттағанын айтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG