Accessibility links

Атамбаев шекарадағы жүк тасымалдаушыларды тамақтандыруды тапсырды


Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасында кезекте тұрған жүк көліктері. 2017 жылы 19 қазанда түсірілген сурет.
Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасында кезекте тұрған жүк көліктері. 2017 жылы 19 қазанда түсірілген сурет.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев президенттің әлеуметтік қорғау және қолдау қорынан Қазақстанмен шекарада өткізуді күтіп жатқан жүк тасымалдаушыларды тамақтандыруға бір миллион сом (шамамен 14 мың доллар) бөлгізді.

Қырғыз президентінің баспасөз қызметі Атамбаевтың аталған көмек қаржыны бөлу туралы жарлықты "шекарадағы жағдайды және ауа-райының салқындайтынын ескеріп" шығарғанын айтады.

10 қазаннан бастап екі ел шекарасында тексеру күшейтіліп, Қазақстанға өтетін адамдар мен көліктер кезегі пайда болған. Тексерудің күшейтілуінен ең алдымен тез бұзылатын азық-түлік таситын үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері зардап шегіп жатыр.

18 қазанда Астанада өткен келіссөздер барысында екі елдің үкімет жетекшілері келесі күннен бастап жолаушы көліктері мен жүгі бар адамдарды шекарадан өткізуді жеңілдету туралы уағдаласқан. Бірақ жүк көліктерінің жүргізушілері жағдай әлі өзгермегенін, Қазақстан жағының тексеру мен өткізуді кідіртіп, бұрынғыдай шекарада тәуліктеп кезек күтіп жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG