Accessibility links

Айықтыру орталығындағы өлім бойынша сотта үш видео көрсетілді


Астана тұрғыны Николай Кривенконың МӘОО ғимаратында қаза табуы бойынша сот процесі. Астана, 27 қазан 2017 жыл.
Астана тұрғыны Николай Кривенконың МӘОО ғимаратында қаза табуы бойынша сот процесі. Астана, 27 қазан 2017 жыл.

Астананың Алматы аудандық №2 сотында қала тұрғыны Николай Кривенконың қалалық Медициналық және әлеуметтік оңалту орталығында (МӘОО) қаза табуына қатысты процестегі тараптардың жарыссөзі алдында үш видео жазба көрсетілді. Екі видео жазба Кривенко ұсталған кезде, біреуі Кривенко соққыға жығылған МӘОО дәлізінде түсірілген.

Видеода Николай Кривенконы орталыққа жеткізіп, қол-ағын қалай байлағаны көрсетілген. Кейін оны торланған бөлмеге кіргізген, біраз уақыттан соң Кривенко ол бөлмеден шығып, орталық фельдшерін ұрған. Бұдан соң Кривенконы еденге жатқызып, полицей мен фельдшер тепкілей бастайды. Видеода полицейдің шығып кетіп, резеңке таяқпен қайтып келіп, Кривенконы ұра бастағаны көрінеді. Істе айыпталушы болып отырған Кривенко сотта Кривенконы "басынан үш рет ұрғанын" айтты. Бақылау камерасындағы жазбаға қарағанда, Кривенконы тепкілеуге кейін екі санитар да қосылады. Кривенко соққыға жығылған түні МӘОО камерасында көз жұмған.

Бұл оқиға бойынша патруль қызметінің сержанты Берік Мырзабеков "билікті немесе қызмет бабын асыра пайдаланды" деп, МӘОО-ның фельдшері Саят Сатын мен санитарлары Фархат Қамбетов және Сұңғат Темірғалиев "жәбірленушінің абайсызда өліміне әкеліп соқтырған денсаулығына ауыр зардап келтірді" деп айыпталып отыр. Үйқамаққа алынған Фархат Қамбетов пен Сұңғат Темірғалиев сотқа туыстарымен бірге қатысып жатыр.

Айыптау актісі бойынша, төрт күдікті биыл 15 наурызда МӘОО дәлізінде астаналық 29 жастағы Николай Кривенконы өлімші етіп сабағаны айтылады. Бұл іс бойынша жарыссөз 31 қазанға белгіленді.

26 қазанда Қазақстанның Азаптауға қарсы коалициясы бас прокурорға Кривенконың өліміне қатысты хат жазып, билікті айыптауды Қылмыстық кодекстің 141-бабының 1-бөлігі бойынша "азаптау" айыбына қайта дәрежелеуді сұраған.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG