Accessibility links

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қазақ-қырғыз шекарасындағы соңғы оқиғалар "Қырғызстанның Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) тым үлкен сенім артып қойғанын көрсеткенін" мәлімдеді. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, Атамбаев бұған қоса Қырғызстанның стратегиялық және сенімді серігі "бауырлас Ресей" болғанын және солай бола да беретініне сенім білдірді.

27 қазанда бірқатар елдердің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау салтанатында сөйлеген Атамбаев "Бірақ мына оқиғалар бізге экономикалық дамуда өзімізді алдамауымыз керегін және ЕАЭО-ға тым сеніп артудың қажет емесін көрсетті. Себебі, бір адамның, тіпті ол әлемдегі ең ұлы адам болмаса да, назына тәуелді одақ сенімді бола алмайды" деді.

Атамбаев кез-келген одақ ең алдымен оған мүше елдер арасында жасалған келісім-шарттарға бағынуы тиіс екенін айтты. Ол осыған байланысты үкіметке ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізетін балама нарық мәселесін тезірек шешуді тапсыратынын айтты.

"Әрине, бұл жерде ерекше бір нәрсе іздеп керегі жоқ. Ол нарық - 32 миллион халқы бар Өзбекстан мен 1,5 миллиард халқы бар Қытай. Өнеркәсіп тауарларына келсек, кәсіпкерлер мен үкіметке енді өндірістік тауарларын пломбалап, теміржол вагондарымен Ресейге жөнелтуге кеңес беремін. Себебі біз Ресей президенті, құрметті Владимир Путинмен осылай келіскенбіз" деді Қырғызстан президенті.

10 қазаннан бастап екі ел шекарасында тексеру күшейтіліп, Қазақстанға өтетін адамдар мен көліктер кезегі пайда болған. Тексерудің күшейтілуінен ең алдымен тез бұзылатын азық-түлік таситын үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері зардап шегіп жатыр.

18 қазанда Астанада өткен келіссөздер барысында екі елдің үкімет жетекшілері келесі күннен бастап жолаушы көліктері мен жүгі бар адамдарды шекарадан өткізуді жеңілдету туралы уағдаласқан. Бірақ жүк көліктерінің жүргізушілері жағдай әлі өзгермегенін, Қазақстан жағының тексеру мен өткізуді кідіртіп, бұрынғыдай шекарада тәуліктеп кезек күтіп жатқанын айтады.

Кейбір сарапшылар Қазақстанның Қырғызстанмен шекарада тексеруді күшейткенін Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан басшылығын сынауымен байланыстырады. 7 қазанда Атамбаев Қазақстан басшысын Қырғызстанның ішкі ісіне және президент сайлауына килігіп отыр деп айыптаған.

Қырғызстан ЕАЭО құрамына 2015 жылы 12 тамызда қосылған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG