Accessibility links

Атамбаев: Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан арасында теміржол салу керек


Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.
Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан арасын жалғайтын теміржол құрылысын жедел түрде жобалау қажетін мәлімдеді. Бішкекте шет мемлекеттер елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау салтанатында сөйлеген Атамбаев үш ел арасында теміржол салу қажетін қазақ-қырғыз шекарасындағы соңғы оқиғалар көрсетіп отырғанын айтты. Оның сөзінше, бұл теміржол Өзбекстаннан ары Түркіменстан мен Иранға, одан ары Араб теңізі мен Үнді мұхитына шығады.

"Жасырмай-ақ қояйын, кезінде үкімет теміржол салу үшін несие алуға кейбір демагог-депутаттардан сескенген болатын. Ол депутаттар парламентке ықпал етіп, "несие алуға болмайды, балама жол неге қажет" деп шулаған болатын. Олардың тек популизммен айналысқанын өмір көрсетіп отыр. Экономиканың дамуы үшін ең алдымен жол керек. Қазір елдегі, парламенттегі жағдай да мүлдем басқа. Депутаттардың көпшілігі конструктивті түрде жұмыс істегісі келетінін білемін" деді Атамбаев.

Қырғызстан президенті сонымен қатар Қытаймен бірлескен кәсіпорындар құруды және Өзбекстан ұсынып отырған кәсіпорындар мен ведомстволарды құруды ұсынды. "Ашығын айтайын, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен мұндай келісім жасалған. Тәуелсіздікті қорғау керек. Біз жалған республика бола алмаймыз" деді Қырғызстан президенті.

XS
SM
MD
LG