Accessibility links

Бішкек: Ресей депутаты құжатты қайта оқысын


Игорь Лебедев, Ресей Мемлекеттік думасының вице-спикері
Игорь Лебедев, Ресей Мемлекеттік думасының вице-спикері

Қырғызстан президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімі Ресей Мемлекеттік думасының вице-спикері Игорь Лебедевке "комментарий беретін құжаттарын мұқият оқуға" кеңес берді.

"Мемлекеттік дума депутатының "қырғыздар Қырғызстанның Ресейге қарсы көтерілген күнін мемлекеттік мереке жасады" деген сөзі оның комментарий беретін оқиғасының астарын толық түсінбегенін айғақтайды" делінген президент аппаратының мәлімдемесінде.

Онда "Тарих және ата-бабаларды еске алу күнін бекіту" туралы жарлық Қырғызстанда осы күнге дейін ұлттық мереке ретінде атап өтілетін 7 қарашаға жаңа мән-мағына беру үшін шығарылғаны айтылады. "1916 жылғы оқиға да біздің елде Қазан төңкерісін дұрыс қабылдау себебі әділ түрде түсінідіріледі" делінген мәлімдемеде.

Қырғыз президенті аппаратының пікірінше, Игорь Лебедевтің шапшаң реакция білдіруі ол жарлық мәтінін мұқият оқып үлгермеген деген байлам жасатып отыр.

"Оған бәрібір де мұқият оқуға кеңес береміз. Бұған қоса өткен жылы Ресейдің Федералдық мұрағат агенттігі шығарған "Ресей мен Қырғызстан. 1916-2016. Тарихтың ортақ кезеңдері" деп аталатын мұрағат құжатарымен де танысуды да ұсынамыз. Сол кезде оған бұл тақырыпта спекуляция жасау, әсіресе өзіңнің қарым-қатынасыңа бола жұмысшы мигранттардан өш алудың әдепке сыймайтыны түсінікті болады" делінген президент аппаратының мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG