Accessibility links

Каталония парламенті ел тәуелсіздігін жариялады


Каталония тәуелсіздігін қолдау митингі. 27 қазан 2017 жыл.
Каталония тәуелсіздігін қолдау митингі. 27 қазан 2017 жыл.

Каталония аймағының Испаниядан тәуелсіздік алуын 70 депутат қолдап, оны қарсы шыққан, екі депутат қалыс қалған. Еурокомиссия Каталония парламентінің шешіміне қатысты пікір білдірген жоқ.

Ал Мадридте Испания сенаты жиын өткізіп, Каталонияны тікелей басқару мәселесін талқылап жатыр.Ресми Мадрид Испания конституциясының 155-бабын қолданып, Каталонияда алдағы жарты жылда кезектен тыс сайлау өткізуді жоспарлайды. Мариано Рахойдың айтуынша, Каталонияда кезектен тыс сайлау өткен жағдайда Мадрид тікелей басқару жүйесін енгізбейді.

Қазанның 26-сы күні Пучдемон аймақта кезектен тыс сайлау өткізуден бас тартқан. Испания премьер-министрі Мариано Рахой сенаттан Каталония үкіметінің жетекшісі Карлес Пучдемонды қызметінен кетіруді сұрады.

Каталония тәуелсіздігі туралы референдум 1 қазанда өтті. Дауыс беруге қатысқандардың 90 пайыздан астамы Испания құрамынан шығуды жақтаған. Каталония билігінің мәліметі бойынша, дауыс беруге қатысқандар аймақтағы жалпы сайлаушы санының 43 пайызын құраған. Мадрид дауыс беруді заңсыз деп атап, оны мойындаудан бас тартқан. Еурокомиссия да осы ұстанымда екенін білдірген.

XS
SM
MD
LG