Accessibility links

Al: Умеров пен Чийгоздың Қырымға оралу құқығына қол сұғылмауы керек


Суретте солдан оңға: Ахтем Чийгоз, Украина президенті Петр Порошенко және Ильми Умеров. Киев, 27 қазан 2017 жыл.
Суретте солдан оңға: Ахтем Чийгоз, Украина президенті Петр Порошенко және Ильми Умеров. Киев, 27 қазан 2017 жыл.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Ресей билігі түрмеден босатқан Қырым татарларының жетекшілері Ильми Умеров пен Ахтем Чийгоздың Қырым түбегіне оралу және пікірлерін ашық білдіру құқығына қол сұғылмауы керек деп мәлімдеді. Ұйымның украиналық бөлімшесінің басшысы Оксана Поклаьчуктың пікірінше, Ресейдің Қырымды аннексиялауына қарсылық білдіргендер қазіргі кезде түрмеге отырады немесе қуғынға түседі. Ол Ресей билігін түбекте қамауда отырған ар-ождан тұтқындарына түгел дереу бостандық беруге шақырды.

Ресей түрмесінен босап шыққаннан кейін Түркия арқылы Киевке жеткен Қырым татарлары ұлттық қозғалысының жетекшілері Ильми Умеров пен Ахтем Чийгозды жұма күні Украина президенті Петр Порошенко қабылдап, екеуін мемлекеттік награда - "Еңбегі үшін" орденімен марапаттаған.

Порошенко Умеров пен Чийгозды марапаттады:

Умеров пен Чийгозды Украина мемлекеттік наградаларымен марапаттады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:20 0:00

Бұған дейін Ильми Умеров Мәскеу аннексиялап алған Қырым мәртебесі және Украина территориясының тұтастығын қалпыну келтіру мәселесімен айналысуға уәде еткен. Ол түбекке оралып, саяси тұтқындардың құқығы үшін күресін жалғастырғысы келетінін айтқан.

Ресей аннексиялап алған Қырым түбегінде түрмеде отырған Умеров пен Чийгоз 25 қазанда ұшақпен Түркияға жеткізілген. Анкарада олар Түркия президенті Режеп Ердоғанмен кездесіп, өздерін Ресей түрмесінен бостандыққа шығуына жәрдем танытқаны үшін оған алғыс білдірген.

Оқыңыз: Ресей түрмесінен шыққан Қырым татарлары жетекшілері

XS
SM
MD
LG