Accessibility links

Мәскеуде "бомба" жайлы хабардан соң мың жарым адамды эвакуациялаған


"Бомба қойылғаны" туралы хабардан соң тексеріліп жатқан мектептің алдында тұрған полицейлер. Екатеринбург, Ресей, 29 қыркүйек 2017 жыл.
"Бомба қойылғаны" туралы хабардан соң тексеріліп жатқан мектептің алдында тұрған полицейлер. Екатеринбург, Ресей, 29 қыркүйек 2017 жыл.

Ресей астанасында сенбі күні "бомба қойылғаны" туралы түскен анонимді хабарлардан кейін бір жарым мыңнан астам адам эвакуацияланған. "Интерфакс" ақпарат агенттігінің жедел қызметтегі дерек көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, суыт хабарлар "Афимолл Сити", "Кунцево-плаза", "Водный" және "Трамплин" сауда орталықтарының әкімшілігіне түскен. Бұдан соң аталған орындардан адамдарды шығарып, жарылғыш затты іздеу шаралары жүргізілген.

Биыл қыркүйектің 10-ынан бері белгісіз біреулер Ресей құқық органдарына қоңырау шалып, вокзалдар, сауда орталықтары мен оқу орындары тәрізді адам көп жиналатын орындарға "бомба қойылғаны" туралы хабарлауды әдетке айналдырған. Содан бергі өткен уақыт ішінде Ресейдің 50 аймағында жүздеген мың адамды эвакуациялаған. Бомба қойылғаны туралы жеткен хабарлардың ешбірі расталмаған.

XS
SM
MD
LG