Accessibility links

Қазақстан құрамасы қазақ күресінен әлем біріншілігінде 6 алтын алды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астанада бүгін қазақ күресінен әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасынан сынға түске тоғыз балуанның алтауы кілемде белдескен бәсекелестерінен басым түсіп, әлем жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

Атап айтқанда, Марат Нығматуллаев (55 кг), Қуаныш Ысқақов (60 кг), Қасымхан Төленбай (66 кг), Ғалымжан Әбдірахманов (74 келі) Ерсұлтан Мұзафаров (82 кг) және Әділжан Ыстыбаев (90 келі) алтын медальді жеңіп алды. Ал аса ауыр салмақта күрескен Руслан Әбдіразақов қола жүлде иеленді. Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірінші орынға көтерілді.

Астанада қазақ күресінен екі күнге созылған әлем біріншілігіне 39 елден 160-тан аса балуан қатысып, 9 салмақ дәрежесі бойынша 40 медаль жиынтығын сарапқа салды.

XS
SM
MD
LG