Accessibility links

Норвегияда құлаған ресейлік тікұшақтың сынықтары табылды


Свальбард архипелагында ұшып жүрген ресейлік Ми-8 тікұшағы. 28 сәуір 2015 жыл.
Свальбард архипелагында ұшып жүрген ресейлік Ми-8 тікұшағы. 28 сәуір 2015 жыл.

Норвегиялық құтқарушылар теңіз түбінен бұған дейін Шпицберген аралы маңында жоғалып кеткен ресейлік тікұшақтың қалдықтары табылғаны туралы хабарлады. Бұл туралы ақпарат Норвегия іздеу-құтқару қызметінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды. Тікұшақ сынықтары Хееродден мүйісінен шығысқа қарай шамамен екі шақырымдай қашықтықта, 200 метрден асатын тереңдікте жатуы мүмкін деген болжам айтылып отыр.

Сегіз адамы бар ресейлік Ми-8 тікұшағы 26 қазанда Арктикадағы Свальбард архипелагы тұсында радардан жоғалып кеткен еді. Арада біраз уақыт өткенде Норвегия билігі тікұшақтың апатқа ұшырағаны туралы хабарлаған. Тікұшақта экипаждың бес мүшесі мен Арктика және Антарктиканы зерттеу институтының үш ғалымы болған. Олардың ешқайсысы әлі табылған жоқ.

Бұған дейін Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің Ил-76 ұшағы жоғалған тікұшақты іздеу тобының құтқарушылары мен су астында жұмыс істеуге арналған қажетті құрал-жабдықтарды Норвегияға жеткізгені хабарланған.

XS
SM
MD
LG