Accessibility links

МАГАТЭ басшысы Иранға сапармен барды


Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) бас директоры Юкия Амано.

АҚШ әкімшілігінің ұстанымына байланысты бұған дейін Иранның ядролық бағдарламасын шектеу жөнінде халықаралық деңгейде жасалған тарихи келісімнің жұмысына күмән күшейіп тұрған шақта, халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) бас директоры 61-сессиясы аясында Юкия Амано Иранның жоғары лауазымды шенеуніктерімен кездесу үшін бүгін Тегеранға барды.

25 қазанда МАГАТЭ Тегерандағы кездесуде Иранның аталған келісім бойынша алған міндеттемелерін орындап отырғанына көз жеткізу және мониторинг жүргізу мәселелеріне назар аударылады деп хабарлаған.

МАГАТЭ басшысы бұған дейін әлемдік алты мемлекетпен жасалған келісімді Иранның орындап отырғанын растаудан бас тартатыны туралы АҚШ президенті Дональд Трамптың осы айдың басындағы мәлімдемесіне қатысты Вашингтон мен Тегеран өзара тәжікелесіп жатқан шақта Иранға сапармен барып отыр. 13 қазанда Иранға қатысты саясат туралы сөзінде Трамп егер Иран "елеулі кемшіліктерін" жоймайтын болса, онда Тегеранмен арада жасалған келісімнен АҚШ шығады деп мәлімдеген. Оның сөзінше, Иран баллистикалық зымыран сынақтарын жалғастырып және Таяу Шығыстағы экстремистерге қолдау танытып, "келісім рухын" бұзып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG