Accessibility links

Мәскеуде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды


СССР кезіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу акциясы. Мәскеу, 29 қазан 2016 жыл.
СССР кезіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу акциясы. Мәскеу, 29 қазан 2016 жыл.

29 қазанда Мәскеуде "Есімдердің қайта оралуы" атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу акциясы өтті. Лубянка алаңында таңғы сағат 10-нан кешкі сағат 10-ға дейін сталиндік террор кезінде қаза тапқандардың есімдері оқылды.

Акцияға мыңнан астам адам қатысты. Олардың арасында қоғам және саясат қайраткерлері, атап айтқанда Ресей адам құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Татьяна Москалькова, "Яблоко" партиясының жетекшісі Григорий Явлинский, Федерация кеңесінің мүшесі Владимир Лукин және тележүргізуші, 2018 жылғы президент сайлауына қатысқысы келетін Ксения Собчак бар. Акцияны "Мемориал" адам құқығын қорғау ұйымы өткізді.

"Есімдердің қайта оралуы" акциясы 2007 жылдан бері өтіп келеді. Оған кез келген адам қатыса алады. 30 қазанда Ресей Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.

XS
SM
MD
LG