Accessibility links

"Открытая Россия" белсендісінен Путин суреті үшін түсініктеме алды


Белсенді Юрий Сидоров пен Ресей президенті Владимир Путиннің суреті. Чебоксары, 26 қазан 2017 жыл.
Белсенді Юрий Сидоров пен Ресей президенті Владимир Путиннің суреті. Чебоксары, 26 қазан 2017 жыл.

Ресейдің Чебоксары қаласында полиция "Открытая Россия" ұйымының белсендісі, мәжбүрлі жұмысқа Ресей президенті Владимир Путиннің суреті мен оның астына "Надоел!" деген жазуы бар тақта ұстап келіп жүрген Юрий Сидоровтан түсініктеме жаздырып алды деп хабарлайды Азаттықтың Татар редакциясы.

27 қазанда Юрий Сидоров жұмыс істейтін паркке патруль-пост қызметінің өкілдері, сәл кейінірек жедел топ барған. Полицейлер белсендіден оның заңсыз үгіт-насихат жүргізіп жатпағаны туралы түсініктеме алып, кетіп қалған. Құзырлы орган қызметкерлері мұны белсенді рұқсат берілмеген пикет өткізіп жатыр деген шағымға байланысты деп түсіндірген. Сидоров полиция өзі туралы БАҚ-та жазылған соң келді деп біледі.

Юрий Сидоров 26 наурызда коррупцияға қарсы рұқсат берілмеген митингіге қатысқаны үшін 32 сағат міндетті жұмысқа жегілген. Белсендінің пікірінше, оны Путинді "ұры" деп, ал Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевті "алдамшы" деп атағаны үшін соттаған. Белсенді қарсылық ретінде міндетті жұмысқа өзімен бірге Путиннің суретінің астына "Надоел!" деп жазылған тақташаны әкеліп жүр.

26 наурызда Ресейдің бірнеше қаласында өткен коррупцияға қарсы акцияларда бір жарым мыңға дейін адам ұсталған. Кейбір ұсталғандар Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына жүгінген.

XS
SM
MD
LG