Accessibility links

Шымкентте АИ-92 бензині қымбаттады


Шымкенттегі "ҚазМұнайГаз" компаниясының жанармай құю бекетіндегі бағалар көрсетілген табло. Шымкент, 30 қазан 2017 жыл.

Шымкентте АИ-92 бензині 157-158 теңгеден 160-161 теңгеге қымбаттады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Шымкентте АИ-92 бензині "Қазмұнайгаз" жанар-жағармай бекеттерінде 161 теңгеден, Sinooil жанар-жағармай бекеттерінде 160 теңгеден сатылып жатыр.

"Жанар-жағармай" ассоциациясы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілділігінің төрағасы Қайыпбек Қамбаровтың Азаттыққа айтуынша, бензин бағасы еркін нарықта, жанар-жағармай бекеттері бағаны өздері белгілейді.

- Баға мәселесіне ешкім араласа алмайды. Бензин азайғанда баға көтеріле береді, көбейгенде қалыпқа түседі, - дейді ол.

Шымкентте АИ-92 бензині тапшы. Бензин тек ірі жанар-жағармай бекеттерінде ғана сатылып жатыр.

Бұдан бұрын Шымкентте АИ-92 бензинінің орташа бағасы 158 теңге деп белгіленген. Өткен аптада Оңтүстік Қазақстан облысында АИ-92 маркалы бензині тапшы болып, талонмен беріле бастаған.

ВИДЕО: Шымкентте бензин тапшы (27.10.2017)

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG