Accessibility links

Комитет: Әуе билеттерінде Астана әуежайының атауы өзгереді


Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы.

Астана әуежайының атауы Халықаралық әуе транспорты ассоциациясының (IATA) сайтында Nursultan Nazarbayev деп жазылады деп хабарлады Қазақстан инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті. Комитет ақпаратына қарағанда, Астана әуежайының жаңа атауы ертең IATA-ның ай сайын шығатын бюллетенінде жарияланады.

"Әлемдік әуе билеттерін брондау жүйесінің (Amadeus, SITA) провайдерлері бұл ақпаратты билет сататын желілер мен билеттерге енгізу шараларын жасауы тиіс. Осылайша, Астанаға келетін және кететін рейстерге берілетін рейстерде әуежайдың жаңа атауы - Nursultan Nazarbayev болып белгіленбек" делінген комитет ақпаратында.

IATA сайтындағы мәліметке қарағанда, Астана әуежайына оның бұрынғы атауы - Целиноградскийге берілген TSE әріптік коды сақталып қалған. Комитет TSE кодын өзгерту мәселесі пысықталып жатқанын айтады.

Астана әуежайының атауы биыл 20 маусымда үкіметтің қаулысымен "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" деп өзгертілген. Қазақстанды 30 жылға жуық уақыт басқарып келе жатқан Назарбаевтың атын Астана әуежайына беру туралы ұсыныс 10 шақты жыл бұрын көтерілген. Қазақстанда Назарбаев университеті, Назарбаев интеллектуалдық мектептері жұмыс істейді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG