Accessibility links

Трамптың күйеубаласы Сауд Арабиясына құпия түрде барған


АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеубаласы әрі кеңесшісі Джаред Кушнер (сол жақта) Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббаспен кездесіп отыр. Рамалла, 24 тамыз 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеубаласы әрі кеңесшісі Джаред Кушнер (сол жақта) Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббаспен кездесіп отыр. Рамалла, 24 тамыз 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеу баласы әрі кеңесшісі Джаред Кушнер Сауда Арабиясына құпия түрде барған. Оның сапары өткен сәрсенбіден сенбіге дейін жалғасқан. Ақ үй Кушнер АҚШ-қа қайтып барған соң, тек бір күн өткеннен кейін барып, бұл сапарды растады.

Кушнер әкімшіліктің Таяу Шығысқа қатысты мәселелеріне жауап береді. Онымен бірге Сауд Арабиясына ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Дина Пауэлл мен Таяу Шығыстағы арнайы елші Джейсон Гринблатт еріп барған. Гринбалтт Сауд Арабиясынан бөлек Каир, Амман, Иерусалим және Рамаллаға барған.

Ақ үй Кушнер Сауд Арабиясында кімдермен кездескені жөнінде мәлімет бермей отыр. Оның тек президенттің Израиль мен Палестина арасында бейбіт бітімге қол жеткізуге ұмтылысына себепкер болғаны айтылған. Бірақ АҚШ-тың бұл процесте тек араағайын болуға дайын екендігі атап өтілген.

Джаред Кушнер президент әкімшілігінде жұмыс істегелі Сауда Арабиясына осымен үшінші рет сапар жасап отыр. Ол тамыз айында Израиль үкімет басшысы Беньямин Нетаньяху мен Палестина президенті Махмуд Аббастың келіссөзіне қатысқан.

XS
SM
MD
LG