Accessibility links

Сергей Пономарев: Қазақстанмен шекарадағы жағдай - саяси мәселе


Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасында кезекте тұрған жүк көліктері. 19 қазан 2017 жыл.
Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасында кезекте тұрған жүк көліктері. 19 қазан 2017 жыл.

"Шекарадағы жағдай біздің көзқарасымыз бойынша, жай ғана саяси проблема" деп мәлімдеді Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан базарлар қауымдастығының президенті, "Дордой" қауымдастығының вице-президенті Сергей Пономарев. Оның сөзінше, бұл "контрабанда да емес, экономикалық мәселелер де емес", "бұл саясат".

- Қандай себеппен біздің сүт, ет, ауыл шаруашылығы және тоқыма өнімдерімізді контрабанда деп атайды? Мұның бәрі өзіміздің елде өндірілген, ЕАЭО форматына сәйкес келеді, - деді Сергей Пономарев. Ол Қырғызстанда өндірілген өнімдердің бәрі контрабанда емесін айтады.

Қырғызстанның базарлар қауымдастығының басшысы Қазақстан шенеуніктерінен Түркия, Иран және Қытайдан транзитпен Қазақстан арқылы Қырғызстанға баратын TIR көліктері қалайша контрабанда деп саналатынын білгісі келетінін сұрады.

- Қандай себептермен бұл көліктердегі жүктер ашылып, тексеріледі? Бұл дегеніміз халықаралық конвенцияны бұзу, - дейді Сергей Пономарев.

10 қазаннан бастап екі ел шекарасында тексеру күшейтіліп, Қазақстанға өтетін адамдар мен көліктер кезегі пайда болған. Тексерудің күшейтілуінен ең алдымен тез бұзылатын азық-түлік таситын үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері зардап шегіп жатыр.

25 қазанда Ереванда өткен ЕАЭО үкімет басшыларының саммиті кезінде Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан мен Қытай арасындағы тауар алмасудың көлемінде айырмашылық өте үлкен екенін айтып, шекарадағы тексеру арнайы жасалмағанын мәлімдеген.

Қырғыз үкіметі Бақытжан Сағынтаевтың мәлімдемесіне қатысты "Қазақстан Еуразия экономикалық одағы мен Дүниежүзілік сауда ұйымының нормаларын бұзып отырғандықтан тек ақталып отыр" деп жауап берді.

XS
SM
MD
LG