Accessibility links

Украина ӘӘК: Одесса әскери әуежайын әлдекімдер басып алмақ болды


Украина туын қоршауға тікпек болып тұрған адам (Көрнекі сурет)
Украина туын қоршауға тікпек болып тұрған адам (Көрнекі сурет)

Украина әуе күштерінің қолбасшылығы Одессадағы елдің қорғаныс министрлігіне қарайтын әскери жаттығу әуежайын әлдекімдер басып алмақ болғанын мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, 29 қазанда таңертең қара бетперде киген 40 адам А3571 әскери бөлімі қоршауының бір бөлігін бұзып кіріп, мүліктерді алып кеткен.

Ер адамдар өздерін "CITI Center" ойын-сауық кешенінің қызметкерлеріміз деп түсіндірген. Ойын-сауық кешені бұл оқиғаға әзірге түсініктеме бермеген.

Украина қарулы күші арандатушылық әрекет басқа да әскери бөлімдерде қайталануы мүмкін екендігін ескертті. Украина әскери әуе күштерінің қолбасшылығы әскерилердің диверсиялық әрекетке неге тойтарыс бермегенін айтпады.

Азаттықтың Украин реддакциясының жазуынша, әлеуметтік желілерде бұл оқиғаны таяуда Одесса қалалық кеңесінің әскери әуежайдың бір бөлігін жекеменшікке бергенімен байланыстырады.

XS
SM
MD
LG