Accessibility links

Трамптың бұрынғы сайлау көмекшісі істі болды


Пол Манафорт
Пол Манафорт

АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы сайлау штабының жетекшісі, кәсіпкер Пол Манафортқа 30 қазанда Украинамен келісім-шарт жасау кезінде АҚШ-ты алдап, салықтан жалтарды деген айып тағылды. Манафорт пен оның бизнес серігі Рик Гейтске тағылған 12 айыптың ішінде заңсыз түрде ақша айналдыру да бар.

Дүйсенбіде Манафорттың АҚШ-тың құзыретті органдарына берілгені хабарланды. Бұл қылмыстық іс Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға араласуын тексеру комисиясының жұмысы кезінде ашылды.

Қазанда Трамптың және бір кеңесшісі Ресеймен байланысы туралы өтірік айтты деген айыпқа ұшыраған. Джордж Пападопулос 5 қазанда ФБР-дің агенттеріне шетелдік профессормен байланысы туралы жалған ақпарат берді деп хабарланған. Әлгі профессордің Пападопулосқа Ресейдің Хиллари Клинтонға қатысты компроматы бар екенін айтқаны туралы ақпарат тараған. Кеңесші кінәсін мойындаған. Клинтон былтыр қарашада өткен сайлауда Трамптың негізгі бәсекелесі болған еді.

Ал Манафорт пен Гейтстің үстінен ашылған істің Трамптың сайлау кампаниясына қатысы жоқ. Олар 2016 жылға дейін Украинамен жасалған бизнес келісімдеріне қатысты төлемдерін жасырды деген күдікке ілінген.

XS
SM
MD
LG