Accessibility links

"Путинге қастандық ойлаған" күдіктінің әйелі Киев түбінде оққа ұшты


Амина Окуева, Ресей президенті Владимир Путинге қастандық жасамақ болды деп айыпталған Адам Осмаевтың әйелі.

"Украинаның Киев облысы Глеваха елді мекенінде жеңіл көлікті атқылау салдарынан Амина Окуева оққа ұшты, ал оның күйеуі Адам Осмаев жараланды" деп хабарлады Украина ішкі істер министрлігі басшысының кеңесшісі Антон Геращенко. Ұлты шешен Адам Осмаев Ресей президенті Владимир Путинге шабуыл ұйымдастырды деген күдікке іліккен.

Геращенко қылмыс орнында тергеушілер жұмыс істеп жатқанын айтады.

Биыл маусым айында Осмаев пен оның әйеліне Киевте шабуыл жасалған. Қылмыскер оларға өзін француздың Le Monde газетінің журналисі ретінде таныстырған. Ол оқ ата бастаған сәтте Окуева оған қарсы тапанша қолданып, жаралаған. Шабуылдаушыдан украин төлқұжаты табылған, дегенмен ішкі істер министрлігі құжатты жалған, ал шабуылдаушының Ресей арнайы қызметіне қатысы бар деп есептейді.

Ресейде Осмаевты 2012 жылы президент сайлауы қарсаңында Путинге қастандық ұйымдастырды деп айыптайды.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG