Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы 15 қазанда өткен президент сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады.
Комиссия төрағасының орынбасары Абдыжапар Бекматов қорытынды хаттаманы оқып берді. Ол бойынша, Қырғызстан социал-демократиялық партиясының (ҚСДП) үміткері Сооронбай Жээнбеков 920 мың 620 дауыс (54,22 пайыз), өзін өзі ұсынған Омурбек Бабанов - 568 мың 680 дауыс (33,49 пайыз) жинаған.
Үшінді орынды "Бутун Кыргызстан" партиясының төрағасы Адахан Мадумаров алды. ОСК мәліметі бойынша, Мадумаровқа сайлаушылардың 110 мың 284-і (6,57 пайыз) дауыс берген.
"Барлығына қарсы" дауыс берген сайлаушылар саны 12 мың 171-ні (0,73 пайыз) құраған.