Accessibility links

Комитет: Қырғыз тасымалдаушыларының жүздеп заң бұзғанын анықтадық


Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасында кезекте тұрған жүк көліктері. 19 қазан 2017 жыл.

Қазақстан билігі бір айға жетпейтін уақытта Қырғызстаннан келетін бірнеше мың көлік тексеріліп, нәтижесінде Қазақстан заңын бұзудың жүздеген фактісі анықталғанын хабарлады. "2017 жылдың 10-30 қазаны аралығында инвестиция және даму министрлігі транспорт комитетінің өкілдері Қырғызстан тасымалдаушылары тарапынан 360 заң бұзушылықты анықтады. Бұл кезеңде Қырғызстаннан келетін 3054 көлік тексерілді" делінген министрлік сайтында жарияланған хабарламада.

Комитет мәліметінше, тексеру нәтижесінде тасымалдаушыларға жалпы сомасы 11,8 миллион теңге (шамамен 357 мың доллар) айыппұл салынған. Министрлік тез бұзылатын тауарларды сертификатсыз тасымалдауды ең көп кездесетін заң бұзу деп атайды. Заң бұзушылықтың шамамен 40 пайызы (151) сертификатсыз тауар тасымалдау үлесінде.

Комитет бұған қоса тауар-көлік құжатының жоқтығы, жүк пен көлік салмағына қойылатын талаптардың бұзылуы, тұрақты емес жолаушы тасымалында транзиттік пойыздарда рұқсат беретін қазақстандық бланканың жоқтығы сияқты заң бұзу түрлері кездесетінін айтады.

10 қазаннан бастап екі ел шекарасында тексеру күшейтіліп, Қазақстанға өтетін адамдар мен көліктер кезегі пайда болған. Тексерудің күшейтілуінен ең алдымен тез бұзылатын азық-түлік таситын үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері зардап шегіп жатыр.

25 қазанда Ереванда өткен ЕАЭО үкімет басшыларының саммиті кезінде Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан мен Қытай арасындағы тауар алмасудың көлемінде айырмашылық өте үлкен екенін айтып, шекарадағы тексеру арнайы жасалмағанын мәлімдеген.

Қырғыз үкіметі Бақытжан Сағынтаевтың мәлімдемесіне қатысты "Қазақстан Еуразия экономикалық одағы мен Дүниежүзілік сауда ұйымының нормаларын бұзып отырғандықтан тек ақталып отыр" деп жауап берді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG