Accessibility links

Минскіде оппозиционер Алексей Статкевич тұтқындалды


Оппозициялық саясаткер Алексей Статкевич оппозиция митингісінде сөйлеп тұр. Минск, 21 қазан 2017 жыл.
Оппозициялық саясаткер Алексей Статкевич оппозиция митингісінде сөйлеп тұр. Минск, 21 қазан 2017 жыл.

Минскіде оппозициялық саясаткер, Беларусь президенттігіне бұрынғы кандидат Николай Статкевич тұтқындалды. Бұл туралы Азаттықтың Беларусь редакциясына саясаткердің әйелі Марина Адамович хабарлады.

Оның сөзінше, Статкевич 30 қазанда, Беларусь КГБ-сы алдында сталиндік репрессия құрбандарын еске алуға арналған акциядан бір күн өткен соң ұсталған. 31 қазанда Статкевич Киевтегі "Шығыс әріптестігі" парламенттік ассамблеясының сессиясында сөйлейтін болған.

Тіркелмеген "Народная Громада" партиясының жетекшісі Николай Статкевич 2010 жылдың желтоқсанында Беларусь президенті сайлауына түскен. Ол сайлаудан кейінгі оппозиция митингісінен соң ұсталған. 2011 жылдың 26 мамырында оны "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деп айыптап, алты жылға соттаған. 2015 жылы тамызда Беларусь президенті Александр Лукашенко Статкевичке рақымшылық жасаған. Бұдан соң оппозиционер бірнеше рет ұсталып, аз мерзімдерге сотталып келген.

XS
SM
MD
LG