Accessibility links

Шымкент әкімі "Нұр Отан" хатшысы қызметіне ауысты


Ғабидолла Әбдірахымов, "Нұр Отан" партиясының жаңа хатшысы.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов президенттің "Нұр Отан" партиясының хатшысы қызметіне ауысты. Бұл ақпаратты Азаттыққа Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

1975 жылы туған Ғабидолла Әбдірахымов 2015 жылдың тамыз айынан бастап Шымкент қаласы әкімі қызметін атқарған.

"Нұр Отан" партиясы хатшысы болып бұған дейін Зауытбек Тұрысбеков жұмыс істеген. Тұрысбеков биыл жазда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары болып сайланған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG