Accessibility links

Навальныйдың Мәскеудегі штабының басшысы ұсталды


Николай Ляскин, Алексей Навальныйдың Мәскеудегі штабының басшысы.
Николай Ляскин, Алексей Навальныйдың Мәскеудегі штабының басшысы.

Ресейдің оппозицияшыл саясаткері Алексей Навальныйдың Мәскеудегі штабының басшысы Николай Ляскинді полиция ұстады. Ляскин 31 қазанда Twitter-де полиция көлігін тоқтатып, өзін мәжбүрлеп полиция бөліміне алып кеткенін жазды. Ляскиннің сөзінше, оған әкімшілік хаттама толтырмақ, бірақ қандай бап бойынша екені белгісіз.

Навальныйдың басты серігі Ляскинді қыркүйекте белгісіз адамдар соққыға жығып кеткен. Кейін ол бойынша ұсталған күдікті Ляскинді "өзіне қастандық қылу сипатына ұқсастырып шабуыл жасауға тапсырма берді" деген. Бірақ Ляскин мен Навальный командасы оны бірден жоққа шығарған. Бүгінгі тұтқындаудың қыркүйектегі соққыға жығу оқиғасымен байланысы бар-жоғы белгісіз.

29 қазанда Ляскин мен Навальный штабының тағы жеті белсендісі Мәскеуде еріктілермен кездесуі кезінде ұсталған. Оларды полиция бөлімінде үш сағат ұстап, кейін еш хаттама толтырмастан босатып қоя берген.

29 қазанда Навальныйдың Мәскеудегі штабы Еріктілерді мобилизациялау күнін өткізген. Белсенділер жергілікті тұрғындарға оппозиционерді 2018 жылы өтетін Ресей президенті сайлауына кандидат ретінде ұсынуды қолдауға шақырған.

XS
SM
MD
LG