Accessibility links

Нью-Йорктегі шабуылдан бірнеше адам мерт болды


Шабуыл болған аймақ. Нью-Йорк. 31 қазан 2017 жыл.
Шабуыл болған аймақ. Нью-Йорк. 31 қазан 2017 жыл.

Нью-Йорктің (АҚШ) Манхэттен ауданында жүк көлігі велосипед жолағында жүрген ондаған адамды қағып кеткен. Жергілікті полиция кем дегенде cегіз адамның мерт болғанын, он адамның жарақат алғанын хабарлады. Алты адам оқиға орнында, екі адам ауруханада көз жұмған.

Шабуыл жасаған адам көлігімен жол жиегінде тұрған оқушылар автобусына соғылған. Полиция оны ұстағандарын хабарлады. Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио оқиғаны "теракт" деп атады.

Куәгерлер қарулы адамды көргендерін, атыс дауысын естігендерін айтқан. ФБР оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG