Accessibility links

Келесі Сирия келіссөзі желтоқсанның екінші жартысында өтпек


Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзіне қатысушылар. 31 қазан 2017 жыл.
Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзіне қатысушылар. 31 қазан 2017 жыл.

Астанада Сирия бейбіт келіссөзінің жетінші кезеңі аяқталды. 31 қазан күні кешке келіссөзден соң гарант елдер - Ресей, Түркия және Иран бірлескен мәлімдеме жасады. Мәлімдемені оқыған Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов келіссөздің келесі кезеңі Астанада желтоқсанның екінші жартысына жоспарланып отырғанын хабарлады.

Гарант елдер соңғы жарты жылда Сирияда деэскалация аймақтарын құру туралы меморандумның іске асу барысына көңілдері толатынын білдіріп, Сирия территориясында қақтығысты тоқтату режимін нығайту шараларын жасау нәтижесінде зорлық-зомбылық көрсеткіші азайғанын мәлімдеді.

Үш ел сонымен қатар "деэскалация аймақтары жұмыс істей бастауы нәтижесінде "Ислам мемлекеті" (ИМ), "Джебхат әл-Нусра" және "Әл-Қаида" экстремистік ұйымымен байланысы бар басқа да топтардың жойылып, терроризммен күресте ілгерілеу байқалғанын" мәлімдеді.

Қайрат Әбдірахманов оқыған мәлімдемеде гарант елдер Ресейдің БҰҰ бастамасымен өтетін Женева келіссөзі аясында Ұлттық диалог конгресін шақыру туралы ұсынысын да талқылауға келіскені айтылады.

XS
SM
MD
LG