Accessibility links

Нью-Йорктегі шабуылға күдікті ұсталды


Дәрігерлер шабуылдан жараланған әйелге көмек көрсетіп жатыр. Нью-Йорк, 31 қазан 2017 жыл.
Дәрігерлер шабуылдан жараланған әйелге көмек көрсетіп жатыр. Нью-Йорк, 31 қазан 2017 жыл.

Нью-Йоркте 31 қазанда жасалған шабуылға күдікті ретінде 29 жастағы Сайфулло Саипов есімді азамат ұсталды. Күдікті Манхэттен ауданында жүк көлігімен велосипед жолағында жүрген ондаған адамды қағып кеткен. Жергілікті полиция кем дегенде cегіз адамның мерт болғанын, он адамның жарақат алғанын хабарлады. Алты адам оқиға орнында, екі адам ауруханада көз жұмған.

2001 жылдың 11 қыркүйегінде теракт жасалған Дүниежүзілік сауда орталығы жанында болған бұл оқиға да террорлық акт ретінде бағаланды. Жүк көлігінде күдіктінің "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына берік екенін білдіретін хат табылған.

Шабуыл жасаған жүк көлігі жол жиегінде тұрған оқушылар автобусымен соқтығысқан. Көлік кабинасынан ер адам шыққан. Қолында тапаншаға ұқсаған зат болған. Полиция оған қарсы оқ атып, жаралап, ол ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаны Федералдық тергеу бюросы тексеріп жатыр.

Алдын ала ақпарат бойынша, Саипов АҚШ-қа Өзбекстаннан бірнеше жыл бұрын барған. Флоридада және Патерсонның Нью-Джерси қаласында тұрған. Ол шабуыл жасаған көлікті жалға алған. Оның террорлық топпен байланысы болғаны, я болмағаны тексеріліп жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, "Біз ИМ секілді террористік ұйымдарға елімізде кіруіне жол бермеуіміз керек. Жетер енді!" деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG